Салауатты отбасы – салауатты мемлекет!

Салауатты отбасы – салауатты мемлекет!

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Ұлттық Отбасы күні атап өтіледі. Біздің қоғамда отбасы әрқашан әр түрлі ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы болған және болып қала береді. Отбасы Күні адамгершілікті, руханилықты нығайтуға, біздің қоғамда жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Іс-шараның мақсаты-отбасы институтының рөлін арттыру, халықтың, оның ішінде балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын нығайту және сақтау, ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, отбасылардың, әсіресе жас, толық емес, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі адамдардың, ардагерлер отбасының (толық, толық емес) проблемаларына қоғамның назарын аудару.

Сонымен қатар, халықтың түрлі топтары арасында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру науқаны жалғасуда. Онлайн және офлайн форматтағы семинарлар, дәрістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Белсенді қатысушылар грамота, алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.