
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының травматолог дәрігері Нуруллаев Шерзод Усарұлы Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық травматология және ортопедия ғылыми-практикалық орталығында тәжірибесін шыңдауда.
Дәрігердің айтуынша, бұл мамандандырылған травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсететін, оның ішінде қаңқа сүйектері мен буындарының туа біткен және жүре пайда болған ауруларын емдеу, жіті және асқынған жарақаттары бар науқастарды емдеу, омыртқа және жұлын жарақаттары, сондай-ақ ірі буындарды эндопротездеу және артроскопиялаумен айналысатын жетекші мекеме.
Шерзод Усарұлы атап өткендей, орталық диагностиканың, емдеудің және алдын алудың жаңа, ең тиімді әдістерін белсенді түрде әзірлеуде және бұл міндеттерді жүзеге асыру жеті ғылыми және сегіз клиникалық бөлімдерге жүктелген және Шерзод Усарұлы олардың барлығында дерлік болды: «Мұнда науқастарды тиімді емдеуді ұйымдастыру үшін диагностикалық бөлімшелердің жұмысының маңызы зор екен, оның ішінде мен көргенімдей, сәулелік терапия бөлімі, функционалды диагностика, клиникалық диагностикалық зертхана, клиникалық морфология және клиникалық электрофизиология зертханалары бар. Орталықта ең заманауи жоғары технологиялық емдеу-диагностикалық жабдықтар бар екенін атап өткім келеді, бұл да менің әріптестеріме үш өлшемді кеңістікте интраоперациялық жағдайды алдын ала жоспарлауға және модельдеуге мүмкіндік береді. Біз, травматологтар, әлемдегі барлық емханалар мұндай модельдеуді қолдануға мүмкіндіктері бола бермейтінін білеміз».
700-ден астам қызметкер жұмыс істейтін орталыққа әлемнің 40 елінен емделушілер келеді екен. Шерзод Усарович Беларусь Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары мен еңбек сіңірген ғылым қайраткерлерінің жетекшілігімен тәжірибе өтуде. Тек соңғы бес жылдың ішінде мұнда өнертабысқа 100-ден астам және пайдалы модельдерге 16, жаңа ортопедиялық бұйымдар мен конструкциялар патенттер алынды. Беларусь медицина ғалымдарының технологиялары Ресейде, Украинада, Қытайда, Германияда, Жапонияда, Ұлыбританияда және Қазақстанда көптеген шетелдік клиникаларда кеңінен танымал және қолданылуда. Шерзод Усарұлы сондай-ақ Республикалық травматология және ортопедия ғылыми-практикалық орталығының базасында екі республикалық орталық жұмыс істейтінін атап өтті. Олар жұлын жарақаттарымен ауыратын науқастарды емдеудің республикалық орталығы және Республикалық спорт жарақаттары және буын патологиясы орталығы. Технология мен заманауи құрал-жабдықтар, әрине, сәтті емдеудің кепілі. Дегенмен, көптеген науқастардың өмірін жақсы жаққа өзгертіп, денсаулығын жақсарта алатын кәсіби дәрігерден артық ештеңе жоқ. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының травматология және ортопедия бөлімшесінің дәрігерлері көптеген науқастарға денсаулық сыйлауда. Онымен қоса, аталған бөлімшенің дәрігерлері, Еуропаның үздік клиникаларында білімдері мен дағдыларын жетілдіріп тұрады.
Баспасөз қызметі