Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысына іс сапармен келді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысына іс сапармен келді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысына іс сапары барысында медициналық мекемелердің коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар медициналық мекемелердегі  дәрі-дәрмек қорын тексерді.

Министр бірінші кезекте Талдықорған қаласындағы Еркін дәрігерлік амбулаториясы мен 200 төсек орынға арналған модульді инфекциялық аурухананың құрылыс жұмысымен танысты.  Сонымен қатар Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананада шілде айыннан бастап ашылған COVID орталығының жұмысымен танысып, аурухананың медициналық жабдықпен қамтылу жағдайын тексерді.   COVID орталықтың мамандары  өте ауыр жағдайдағы пациенттерге кеңес беріп, емдеу тәсілін қарастырады. 

Талдықорған қаласындағы Еркін дәрігерлік амбулаториясы бір ауысымда 100 адам қабылдауға арналған. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған амбулаторияның аумағы 1100 шаршы метрді құрайды. Дәрігерлік амбулатория 14500 тұрғынға медициналық көмек көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Ал қазан айында қолданысқа берілуі тиіс Талдықорған қаласында салынып жатқан модульді инфекциялық аурухана 8 бөліктен тұрады. 200 адамға есептелген ауруханада 400-ден аса адам еңбек етеді деп жоспарланып отыр.

-Біз бүгін Алматы облысындағы медициналық мекемелердің коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстарымен таныстық. Бірнеше медициналық мекемелерге бардым. Жалпы облыстың коронавирустың екінші толқынына дайындалғанын көріп тұрмыз. Дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті.  Облыста жағдай тұрақты. Стационарлар науқастарды жоспарлы түрде қабылдауға көшкен, - деді министр.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін Талдықорған қалалық емханасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты қабылдаған іс-шараларымен танысты.