
Қоғамдық денсаулық сақтау институтының мамандары «Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері мен жаттықтырушылары арасында онкологиялық аурулардың, туберкулездің, темекішегушіліктің алдын алу бойынша семинарлар және артериалдық гипертонияның алдын алу бойынша конкурс ұйымдастырды. Шаралар барысында қатысушыларғы медициналық маскалар, үнпарақтар, конкурс жеңімпаздарына сыйлықтар берілді.
Талғар орталық аудандық СӨС қалыптастыру кабинетінің мамандары балалар арасында «Жол ережелерін білу- қауіпсіздіктің негізі!» атты тақырыптық сабақтар өткізді.