Облыстық балалар ауруханасында жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі ашылды

Облыстық балалар ауруханасында жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі ашылды

Облыстық балалар ауруханасында 3 төсек-орынға есептелген жаңа туған нәрестелер реанимация бөлімшесі ашылды. Алматы облысында алғаш рет ашылған бөлімшеде шала туған балалар, ауыр патологиясы бар сәбилер ем қабылдайтын болады. Ашылу салтанатына Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Серикбаева Лейла Пернебайқызы қатысты.

Бөлімшеде қарқынды емдеу және баланың жағдайына мониторинг жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтқанда, білікті медициналық персонал, заманауи мониторлар, қарқынды күтім инкубаторлары, өкпені жасанды желдету аппараттары, зертханалық жабдықтар, жылжымалы рентген және ультрадыбыстық қондырғылар бар.

-Жаңа туған нәрестелерді күту кезінде біз құрсақішілік өмірге барынша жақын жағдай жасауға тырысамыз. Қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдылығы үнемі бақыланады, балалар шуылдан, жарықтан және басқа да қолайсыз факторлардан қорғалған, - деді Лейла Пернебайқызы.