Облыстық балалар ауруханасында госпитальдық фармация бөлімі ашылды

Облыстық балалар ауруханасында госпитальдық фармация бөлімі ашылды

2025 жылғы 26 ақпанда Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Серикбаева Лейла Пернебаевна Облыстық балалар клиникалық ауруханасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақстан Республикасындағы клиникалық фармакология қызметін жетілдірудің 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде ашылған Госпитальдық фармация бөлімінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Рысалиев Санат Қалиұлы бөлімнің жұмысымен таныстырды. Жаңадан ашылған бөлімнің жабдықталуына Л.Серикбаева жоғары баға беріп, алдағы уақытта жұмысын жақсартуға бағытталған өз ұсыныстарын жеткізді.