
Алматы облысында 36 адам инфекциялық бөлімде емделіп жатыр. Өткен аптада аурушаңдық деңгейі төмендеп, 9 провизорлық орталық жабылған болатын. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков:
- Өткен тәулікте аймақта короновирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Инфекциялық бөлімде 36 адам дәрігерлер бақылауында. 183 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр, - деді басқарма басшысы.
Жалпы аймақта ауырғандар саны 4891 адам, оның 4454 адам толықтай жазылып шықты.