
Теріс қауіп факторларының таралуын және олардың адамға әсерін азайту үшін адамдардың сенімді медициналық-гигиеналық біліммен қамтамасыз ету арқылы өмір салтындағы оң өзгерістерге деген ұмтылысын қалыптастыру және қолдау, денсаулыққа тиісті уәждер мен көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салты мен аурулардың алдын-алу дағдыларын дамыту қажет. Бұл үшін халық арасында ауызша, баспа, көрнекі және басқа да жұмыс түрлері қолданылады.