
Алматы облысының орталығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесінде 9 сәби дүние есігін ашқан!
Солардың бірі Нарзулла есімді нәресте. Бала салмағы 5 келіге жуық, бойы 57 см болып дүниеге келген. Анеля есімді анасы перзентхана бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігерлері Қартабаев Самат Абзелбекұлы және Абдулова Гузалия Ильясқызына кесарь тілігін жасағандары үшін, кәсіби шеберлігі мен босанатын әйелдерге деген қамқорлығы үшін зор алғысын білдіруде. Анеля баласының мемлекет үшін маңызды мерекеде дүниеге келгеніне қуанышты және есімі «батыл» деген мағынаны білдіретін кішкентай Нарзулланың өзі туылған мемлекетіне қызмет ететініне сенімді!
«Менің де, баламның да жағдайымыз жақсы! Ана болу жолында қасымда болған акушер-гинекологтарға, неонатологтарға, әйелдер кеңесінің мамандарына алғыс айтамын. Жанұяма осындай бақыт бұйырыпты! Перзентхананың барша ұжымына мың алғыс. Маған, әйелдер үшін жасалған барлық жағдай ұнады және бірнеше жылдан кейін мен мұнда қайтадан оралатыныма сенемін! Осы бірнеше күнде маған сыйлаған жылулық үшін, жайлылық үшін, махаббат пен назар үшін алғысым шексіз! Біз бақыттымыз! Баршаңызға мереке құтты болсын!".