Алакөл аудандық ауруханасына 20 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты

Алакөл аудандық ауруханасына 20 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты

«Жақыныңа жанашыр бол» эстафетасын Алакөл ауданының жеке кәсіпкерлері жалғады.  «Ырыс» шаруа қожалығы мен «Айманбетов» жеке кәсіпкерлігінің иесі Рыскелді Айманбетов аудандық ауруханаға жалпы құны 5 миллион тұратын 20 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты. Бұл жабдық ауадан оттегі жасап, науқастардың тыныс алуына көмектеседі. Кәсіпкер бұл аппараттарды Қытай еліне тапсырыс беріп алдырған.

"Игі бастамаға үлес қосқан  Рыскелді Қабиұлына аудан тұрғындары атынан алғыс айтамын. Жомарт жүректі азамат осыған дейін де ауруханада жатқан науқастарға қолдау білдіріп, 5 жасанды тыныс алу аппаратын тарту еткен болатын. Бұл аппараттар індетке шалдыққан науқастарға көмегін тигізуде", - дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев.