
Вице-министр аймақтағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысымен және медициналық мекемелердің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу деңгейін тексерді.
Сонымен қатар вице-министр Марат Едігеұлы Алматы облысына іс сапары кезінде жергілікті атқару органдарының басшыларымен кездесіп, ауруханалардың жұмысын әрі қарай жақсарта түсуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Ауруханалардағы Call- центрдің жұмысымен танысқан вице-министр медицина саласының электронды жүйеге көшуі емделушінің уақытын үнемдейді деді.
- Алматы облысындағы медициналық мекемелердегі дәрі-дәрмек қоры екі айға жетеді. Тұрғындар үшін кез келген медициналық көмек қолжетімді болуы үшін медициналық мекемелер электронды жүйеге толықтай көшуі тиіс. Бұл емделуші мен дәрігердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді вице-министр.
Сонымен қатар Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананада шілде айыннан бастап ашылған COVID орталығының жұмысымен танысты.
Жалпы, вице-министр Марат Шоранов Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың, Талдықорған қаласындағы алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының және Қапшағай қалалық ауруханасының жұмысына жоғары баға беріп, жұмысты әрі қарай да осындай қарқынмен жалғастыруға шақырды.