
Адамдардың денсаулығы 8-10% ғана денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсету деңгейіне байланысты. Қалғаны көптеген басқа факторлардан қалыптасады: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, тарихи қалыптасқан мінез-құлық дәстүрлері, тамақтану мәдениеті, тұқым қуалаушылық және адамдардың өзіне, денсаулығына қатынасы. Қазақстан Республикасында бұл проблеманың ауқымдылығы баяғыда-ақ мойындалған. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көптеген адамдар дені сау болу беделді, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану сәнді екенін түсінді. Жастардың басым бөлігі өз денсаулығын сақтауды өмірлік басымдықтардың бірі деп санайды, өйткені салауатты өмір салты — бұл пайдалы және сәнді, ал қазіргі өмір салты — жаман әдеттерден бас тарту, салауатты басымдықтар мен имидж.