Салауатты өмір салтын насихаттау

Салауатты өмір салтын насихаттау

Халық арасында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру мақсатында «Қоғамдық денсаулықты сақтау» ЖММ ү.ж. шілде айында «Темекісіз Қазақстан!», «Вакцинацияға –ИӘ», «Обырға бірге қарсы тұрайық!», «Салауатты әдеттер марафоны!», «Денсаулық апталығы», «Денсаулықтың алтын ережелері», «Сау болу сәнді!», «Қауіпсіз өмір!», ««Салауатты тамақтану үздік білім жолы!», «Салауатты дәрігер, салауатты пациент!», «Өзіңді туберкулезден қорға!», «Ана сүтімен тамақтандыру» Ұлттық бағдарламалар шеңберіндегі жұмыстар жалғастырылды.

Облыстық «Жетісу» газетінде 5 мақала жарияланды.

Облыс әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы және қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының сайттарына, әлеуметтік желілерге, ютуб каналға СӨС қалыптастыру аспектілері бойынша 70-тен аса ақпарат, инфографика, бейне құралдар жарияланды.

«Жетісу» телеканалында «Туберкулездің алдын алу», «Жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу», «Бронх демікпесінің алдын алу», «Жарақаттанудың алдын алу», «Вакцинация», «Дене белсенділігін және дұрыс тамақтануды насихаттау», «Дене белсенділігінің маңыздылығы» тақырыптары бойынша өткізілген шаралар туралы сюжеттер көрсетілді.

Алматы облысының 17 аудандық және 3 қалалық медицина ұйымдарына 755 464 дана ақпараттық-оқыту құралдары жеткізілді.

«Жарақаттанудың алдын алу», «Артериалдық гипертонияның алдын аул», «Вакцинация», «Дұрыс тамақтану» бойынша билбордтар және «Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу», «Дене белсенділігін насихаттау» бойынша ақпараттық стендтер дайындалды.