Бүгін Алматы облысында 980 грамм салмақпен туған баланы ауруханадан шығарды

Бүгін Алматы облысында 980 грамм салмақпен туған баланы ауруханадан шығарды

Қарасай ауданының тұрғыны Бондарец Алена 3 шілде күні жүктіліктің 29-аптасында ұл баланы  дүниеге әкелді. 980 грамм салмақпен туған ұл бала үйдің тұңғышы. Қарасай аудандық орталық ауруханасы перзентхана бөлімінің меңгерушісі Отебаева Маржан:

-Жүктіліктің  29 -апатасында  әйелдің толғағы ерте басталып, жедел жәрдем шақыртқан. Біз дер кезінде шара қолданып, босандырып алдық. Ұл баланың салмағы 980 грамм, бойы 32 см болып туылды. Ауруханадан 1 келі 400 грамм салмақпен шығардық.  Қазір бала мен ананың денсаулығы жақсы, -деді  Маржан Айтқазықызы.

25 жасында алғаш ана атанған Бондарец Алена ұлының есімін Артем деп атады. Ол ауруханадан шыққан сәтте дәрігерлерге шексіз риза екенін жеткізді.