Кеген ауданында балалар оңалту орталығы қолданысқа берілді

Кеген ауданында балалар оңалту орталығы қолданысқа берілді

Кеген ауданында балалар оңалту орталығы қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы, «Қамқорлық» корпоративтік қорының директоры Еркинова Арайлым Еркінқызы және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Чинкисбаева Лаззат Алтынбекқызы қатысты.

Орталық Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының мүмкіндігі шектеулі балаларына медициналық оңалту көмегін көрсетеді. 25 төсек орындық оңалту орталығында жылына 600 науқасты қабылдау қарастырылған.
«Қамқорлық» корпоративтік қоры орталықты қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті. Орталықта тұзбен емдеу шахтасы, шунгитті шахта, иммерсионды ванна және бальнеологиялық ванна бар. Сонымен қатар сенсорлық және интерактивті бөлмелер де толық жабдықталды.
Оңалту орталығында реабилитолог, невропатолог, дефектолог, логопед, психолог, емдік дене шынықтыру инструкторы, эрготерапевт мамандар жұмыс атқарады