Іле аудандық ауруханада 100-ден аса зейнеткер бейінді мамандар тексеруінен өтті

Іле аудандық ауруханада 100-ден аса зейнеткер бейінді мамандар тексеруінен өтті

Бүгін Іле аудандық орталық ауруханасында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауданның қарт тұрғындарын дәрігерлер медициналық тексеруден өткізді. Шараға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы қатысты.
Орталық аурухана директоры Бауыржан Ысқақ бұндай шара жыл сайын қарттар күніне орай өткізіліп тұратынын және профилактикалық тексерулер аурудың алдын алуға көмектесетінін айтты.

Бүгін ауруханада 100-ден аса зейнеткер бейінді мамандар тексеруінен өтіп, кеңес алды. Сонымен қатар медицина қызметкерлері қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ақпараттық парақшалар таратып, скринигтік тексеруден уақытында өтудің маңыздылығы туралы мағлұмат берді.