
Денсаулықты сақтау мен нығайту сұрақтары бойынша ақпараттылық деңгейді жоғарылату мақсатында «Қоғамдық денсаулық сақтау институтының» мамандары Талдықорған қаласының тұрғындары арасында «Салауатты әдеттер морофоны!», «Мен СӨС таңдаймын!», «Дұрыс тамақтану!», «Сау болу сәнді!», «Бірге обырға қарсымыз!», «Гепатит, тоқта!» тақырыптары бойынша ақпараттық кампания ұйымдастырды. Конкурс, дискуссия, дәріс, викторина, спорттық шаралар барысында бетперде, ақпараттық-оқыту құралдары, гигиена заттары, ынталандыру сыйлықтары таратылды.