
Алматы облысының тұрғындары арасында онкологиялық ауру белгілері байқалған науқастар Қазақ онкология және радиология ғылыми- зерттеу институтында және «Орхун Медикал» диагностикалық орталығында 2020 жылдың тамыз айының 3-нен бастап компьютерлік томография (КТ,МРТ) және магниттік-резонансты томографиялық тексеруден ТЕГІН өтуіне болады. Алайда тұрғындар алдымен Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінің мамандарының тексеруінен өткеннен кейін арнайы жолдамамен жіберіледі.
Диагностикалық қызметтің бұл түрін Денсаулық сақтау министрлігі қатерлі дертті ерте анықтау мақсатында кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жүзеге асырып отыр. КТ және МРТ қатерлі дертті ерте анықтаумен қатар адам ағзасының қай бөлігінде орналасқанын нақты көрсетеді. Сондықтан бұл зерттеу түрінің тұрғындар үшін қолжетімді болуы өте маңызды.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, мына ұялы телефон номеріне хабарласуларыңызға болады: +7701 464 25 55