
Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Бұл дәстүр Алматы облысында айналып өткен жоқ.
Мереке репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау және қалаусыз жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ қалың жұртшылықтың назарын отбасы, әсіресе жас, көп балалы, толық емес отбасылар, ардагерлер және мүгедектер отбасылары аудару.
Алматы облысында 2024 жылдан бастап мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Әр күн отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық бос уақытты өткізу және жастар арасындағы қауіпсіз жыныстық қатынас тақырыбы аясында өтті, оған Алматы облысының ЖИТС орталығы өз үлесін қосты.
Мәселен, Талғар ауданы орталық аудандық ауруханасымен бірлесіп ашық есік күні ұйымдастырылды. Дәрігер-эпидемиолог А.Ибраимова Алматы облысындағы жүкті әйелдер мен балалар, сондай-ақ жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуының эпидемиологиялық ахуалына тоқталды. Психолог Х.Құсайынова жастардың психикалық денсаулығына тоқталса, нарколог М.Рыспанова «Жастар арасында психоактивті заттардың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Келушілер үшін АИТВ-ға экспресс-тестілеу алаңы ұйымдастырылып, брошюралар таратылып, тілек білдірушілер дәрігермен жеке сөйлесуге мүмкіндік алды. Ауданның 280 тұрғынына АИТВ-ға экспресс-тестілеу жүргізіліп, 90-нан астам ақпараттық-танымдық материалдармен қамтылды.
Эпидемиолог дәрігер А.Ибраимова: «Әр адамның денсаулығы тек жеке құндылық емес, ол әлеуметтік, қоғамдық құндылық. Салауатты өмір салты адамның физикалық және моральдық денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін сауықтыру шараларының кешенін қамтиды. Жастарымыздың денсаулығы көп жағдайда олардың өмір салтына, әсіресе әдеттеріне байланысты. Пайдалы әдеттер үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуына көмектессе, жаман әдеттер оның дамуына кедергі келтіреді. Зиянды әдеттерге күнделікті рационалды емес режим, дұрыс тамақтанбау, төмен физикалық белсенділік, сондай-ақ АИТВ инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға әкелетін қауіпті жыныстық қатынас» - деп атап өтті.