Алматы облысының медициналық мекемелері дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген

Алматы облысының медициналық мекемелері дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген

Республикалық резервтен  дәрінің қорын толықтыру үшін 551,3 млн. теңге бөлінді. 20 млн. теңге сомасына вирусқа қарсы препараттардың 39 атауына және 531,3 млн. теңге қаржыға жеке қорғану құралдарына өтінім берілді. "Demeu Trading" ЖШС-мен 263,2 млн.теңгеге бір реттік қорғаныш костюмдерінің 35 100 жиынтығын жеткізуге шарт жасалды.

Бүгінгі күні 2,1 млн. маска жеткізілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 208,2 мың дана, жергілікті бюджеттен - 1,9 млн. дана, құқық қорғау органдарымен тәркіленген – 534,4 дана, гуманитарлық көмек – 80,1 мың дана бетперделер алынды.

Бүгінгі күні облыста жеке қорғану құралдарының қоры бір айға жеткілікті оның ішінде 850 мың маска, 150 мың жұп қолғап және 45 мың жиынтық қорғаныш бір реттік костюмдер бар.

Қорғаныш құралдарынан дәрі-дәрмектің мәселесіне ойыссақ. Өңірдің инфекциялық және провизорлық стационарларында 250 930 қызу түсіретін, 40 535 вирусқа қарсы препараттар, сондай-ақ 475 380 антибиотиктер бар.


22 қажетті дәрі-дәрмектердің қоры қалыптасуда. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының қоймаларында 124 637 мың препараттарға қол жетімді.