
Алматы облысы бойынша соңғы екі аптада дертке шалдыққандар саны 470-тен 426-ға түскен. Соған сәйкес, жедел-жәрдемнің көмегіне жүгінушілердің де қатары 25% төмендеді.
Өңірде 4104 адам короновирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 3233 науқас құлан-таза айығып шықты. Ал, індеттің өсу қарқыны болса соңғы тәуліктерде 1,6 пайызды құрап отыр.
Облыста 4420 адам ақ халаттылардың бақылауында тұр. Олардың 2298-і стационарда ем қабылдаса, 576 адамнан ауру белгілері байқалмағандықтан үйде емделіп жатыр.
Ауруханада орын тапшылығы азайған. Бүгінгі күні емхананың 67% науқастарға толса, қалған орын бос тұр.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 95 933 мың адам ПТР зерттеуінен өтті. Күніне шамамен 1000-1200 адам сынама тапсырады.
«Жетісу жерінде 4 зертхана қызмет етеді. Оның бірі "Ұлттық сараптама орталығының" вирусологиялық зертханасы, аса қауіпті инфекциялар зертханасы, Талдықорған обаға қарсы күрес станциясының зертханасы және Еңбекшіқазақ ауданының аудандық ауруханасы жанындағы жылжымалы ПТР зертханасы, онда тәулігіне 1 500 мыңға дейін covid-19 зертханалық зерттеулер жүргізіледі»,- дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ.
Мұнда отандық жіне жергілікті медицинаның ахуалының сыналғанын еске салған жөн. Дегенмен, Алматы облысындағы медициналық мекемелердің жағдайы жаман емес. Керекті құрылғылардың барлығы дерлік қол жетімді. Мәселен, 18 шілде күні 50 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты алынған. Алдағы уақытта 275 бірлік оттегі концентраттары ауруханаларға таратылады.
Мамандарда жеткілікті. 3455 медицина қызметкері адам өмірін ажалдан арашалаау жолында еңбек етуде, бұл қатарда орта және кіші санаттағы 2604 медицина мамандары да бар.
Айта кетерлігі, COVID-19-бен күресу мақсатында 17 медициналық ұйым жұмылдырылған.