Алматы облысында кәсіпкерлер аудандық ауруханаларға  оттегі концентраторын сыйға тартты

Алматы облысында кәсіпкерлер аудандық ауруханаларға  оттегі концентраторын сыйға тартты

Алматы облысындағы Кербұлақ ауданда кәсіпкері аудандық орталық ауруханаға 15 оттегі концентраторын сыйға тартты. Аудандық ауруханада алғашында 35 провизорлық, 35 обсервациялық орын болған, қазір бұл 90 орынға дейін көбейтілді. Індетпен күреске 100-ге жуық медицина қызметкері жұмылдырылды.

Сонымен қатар Ақсу аудандық ауруханасына "МЭК" TRANS-CARGO" ЖШС өкілдері 4 оттегі концентраты мен өкпедегі қан айналым жүйесін реттейтін 4 оксиметр аппаратын сыйлады.

Пандемия кезінде көмек көрсеткен жандарға дәрігерлер алғыс білдірді.