
5 шілдеде Қонаев қаласында «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС мен Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы арасында ресми меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына В класты жабдықталған 10 жедел жәрдем көлігін сыйға тарту түрінде қайырымдылық көмек көрсету ниеті туралы меморандумға «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС бас директоры Сергей Попов пен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы қол қойды.
«МФТ үшін әлеуметтік жауапты компания ретінде бұл жоба өте маңызды, егер біз дер кезінде көрсетілетін медициналық көмектің арқасында кем дегенде бір адамның өмірін сақтап қала алатын болсақ та, біздің еңбегіміз бекер емес!» – деп атап өтті Сергей Попов, «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС бас директоры.
Айтпақшы, МТФ компаниясы Алматы облысында түрлі салада тұрақты түрде әлеуметтік қолдау көрсетіп, өңірдегі қайырымдылық және қоғамдық шараларға белсене қатысуға тырысады. Жедел жәрдемнің орташа өндірістік уақыты 150-180 күн. Өндіріс аяқталғаннан кейін көліктер денсаулық сақтау басқармасына пайдалануға беріледі. Бұл көлікті ресми түрде беру осы жылдың соңында жүзеге асады деген сөз.