
2024 жылғы 26-28 маусымда Қытай Халық Республикасының Цзянси провинциясының Нанчан қаласында өткен Шанхай дәстүрлі медицина бойынша ынтымақтастық ұйымының форумына Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы және облыстың медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты. Форумда ШЫҰ Хатшылығы Бас хатшысының орынбасары Нұран Ниязалиев, Мальдив Республикасының Денсаулық сақтау министрі Абдулла Халил, Мьянма Одағы Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Тет Каинг Вина, Моңғолия денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Очирбат Дагвадоржа, Египет Араб Республикасы Денсаулық сақтау және халық министрінің орынбасары Мұхаммед Хасани және басқалар сөз сөйледі.
Форумда дәстүрлі медицинаны заманауи медицина жүйесімен интеграциялау және ШЫҰ шеңберінде дәстүрлі медицина бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы мәселелер талқыланды. Форум соңында қатысушылар медициналық білім беру, ғылыми зерттеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, медициналық кадрларды бірлесе даярлауды күшейту және халықаралық ынтымақтастықты жандандыру туралы қорытындыға келді.