
2 шілде 2024 жылы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын" және "Қазақстан Республикасының 2024 – 2026 жылдарға арналған алғашқы медициналық – санитарлық көмегін дамыту жөніндегі" жоспарды орындау мақсатында ауылдық құзыреттілік орталықтарын дамыту саласындағы Швеция мен Қазақстанның тәжірибе алмасу бойынша онлайн семинарға қатысты.
Семинар Швецияның Вестерботтен қаласындағы ауыл медицинасы орталығының тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстандағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ауылдық орталықтарын дамытуға және тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге бағытталған. Осы ынтымақтастықтың арқасында көрсетілетін негізгі қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін және ауыл халқының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімді және инновациялық үлгілерін жасауға қолдау көрсетілетін болады.