Ғылыми-практикалық қоғамының кезекті отырысы

Ғылыми-практикалық қоғамының кезекті отырысы

Алматы қаласы мен Алматы облысы хирургтарының ғылыми-практикалық қоғамының кезекті отырысы өтті

Алматы облысында, Қаскелең қаласының аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының ғалымы, бас хирургі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Дүниежүзілік хирург-гепатологтар қауымдастығының мүшесі, денсаулық сақтау үздігі, Баймаханов Болатбектің қатысуымен, сондай-ақ кеңестік және қазақстандық ғалым - хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жураев Шәкірбай Шөкірұлы Алматы қаласы мен Алматы облысы хирургтарының ғылыми-практикалық қоғамының кезекті отырысы өтті. Оған профессор Баймаханов Абылай Ниятұлы және медицина ғылымдарының кандидаты Нұрланбаев Ерік Құмарбекұлы төрағалық етті. Осы отырыста Қарасай КМЦРБ эндоскопист-дәрігері Данияр Рустамұлы Сұлтанқұлов және А.Н.Сызғанова атындағы ҰҒХО ақ эндоскопиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Абдрашев Ерлан Байтуреевич өзекті баяндамалар жасады.
Қарасай КМЦРБ-да асқазан-ішектен қан кетуді емдеуде аз инвазивті технологияларды қолдану және жарықішілік эндоскопиялық хирургиядағы инновациялық технологиялар тақырыптары бойынша баяндамалар отырыстың барлық қатысушыларын қызықтырды. Айта кетейік, бұл Алматы облысының аудандық ауруханалары дәрігерлерінің тәжірибелік қызметі үшін жаңа бағыттар. Олар шұғыл медициналық көмек үшін, қан кету үшін қолданылуы мүмкін.
Жиынға Алматы облысының барлық хирургтары қатысты.