
Еңбекшіқазақ КАОА БМСК бойынша Демонстрациялық платформасы және үздік тәжірибелер орталығының "Ер-азамат денсаулығы" - ер-азаматтардың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің қамқорлығы!
Ер-азаматтардың ұзақ өмір сүруіне арналған осы жоба Есік қаласындағы БМСК үздік тәжірибелер Орталығында көптеген жылдар бойы жүзеге асырылып келеді.
Осы кезеңде "Ер-азамат денсаулығы" жобасы ұзақ жылдар бойы өмір сапасы мен денсаулығын жақсарту үшін, ерте кезде патологияны дер кезінде анықтау үшін тиімді бағдарлама екеніне көз жеткізуге мүмкіндік берді.
Жоба аясында:
Сауалнама жүргізу арқылы ер-азаматтар дәрігерге дейінгі тексеруден өтеді. Тексеру мен сауалнама нәтижесінде денсаулық туралы нақты ақпаратты аурудың даму қаупі факторларын және қимыл-әрекетін анықтауға көмектеседі.
Сауалнамада көрсетілген мәліметтер негізінде учаскедегі отбасы командасы жеке ұсынымдар бере алады, диагностика, кеңестер мен қажетті зерттеулер анықталады.
Заман талабына қарай даму бағытында біз де жаңа талпыныстар мен жаңашылдықтарға қадам басамыз, қазіргі кезде "MenSense" әріптестерімізбен бірлесе отырып ер-азаматтардың денсаулығы жағдайы туралы онлайн-сауалнама түрінде жаңа форматы енгізіледі.
Жаңа формат жобаны жүргізуде біздің ер-азаматтарымыз үшін аса ыңғайлы әрі қолжетімді, денсаулық жағдайы туралы ақпарат жинау үшін өте тиімді болмақ. "Ер-азаматтардың денсаулығы" - бұл жай ғана жоба емес, бұл зерттеуі шексіз философия. Біз ер-азаматтарымыздың денсаулығы мықты болуы аса маңызды екендігіне сенімдіміз!
Құрметті біздің Еңбекшіқазақ ауданының ер-азаматтары, сіздерді өз денсаулығыңыздың жағдайын білу үшін және анонимді онлайн-сауалнамадан өтуге шақырамыз! Онлайн-сауалнаманы келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://www.feedback.mensense.kz/free-questionnaire/start/
✊"Ер-азамат денсаулығы" жобасына қатысыңыз және өз денсаулығыңыздың құндылығын жоғары бағалаңыз!