Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Бүгін Алматы облысы Іле ауданының 3 тұрғыны COVID-19 инфекциясымен ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
1993, 2000, 2001 жылы туған бұл азаматтардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Олар Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Науқастармен 8 адам қарым-қатынаста болған. Олар да қазір медициналық бақылауға алынды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.