4 мамыр күні Алматы облысы Іле ауданында 6 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы да - бұған дейін сырқаттанған науқаспен байланыста болғандар. Олар - 1992, 1983, 1984, 1985, 1984, 1975 жылы туған азаматтар. Олармен 42 адам қарым-қатынаста болған. Олар оқшауландырылып, індет ошақтарына дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологичялық зерттеулер жалғасуда.
6 науқас Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.
Жалпы Алматы облысында індет жұқтырғандар саны -156-ға, ал жазылып шыққандар саны – 30 ге жетті.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.