
3 ай. Үйде. Жұмыссыздық. Табыстың жоқтығы. Балалардың онлайн білім алуы. Уақыт тәртібінің бұзылуы барлық адамдар үшін күтпеген жағдай болды. Әдетте адамдар уақыттың тапшылығынан өзіне көңіл бөліп, стрестік жағдайларды ескере бермейді. Ал карантинде өзгерудің қажеттілігін түсініп, рухани құндылықтарға мән бере бастады. Сонымен қатар отбасылық кикілжіңдерді шешуді қолға алды.
Жұмыстың қадірін біліп, жанұясына уақыт арнады. Қабілеттерін дамытты. Адамдармен қарым-қатынастың маңыздылығын түсінді.
Карантин кезінде депрессия, стресстік, паникалық шабуыл, қорқыныш-үрейдің, негативті ойлардың мазалауы, отбасылық қарым-қатынасты реттеу сияқты көптеген мәселелер бойынша 40-қа жуық адам психологтың онлайн кеңесіне жүгініп, бағыт-бағдар алды.
⠀
Карантин сәтінде, күйзелістің алдын алу бойынша
ЧЕК- ЛИСТ
⠀
1. Уақытты жоспарлаңыз
⠀
2. Негативті ойлардан аулақ болыңыз. Позитивті ойды іске қосыңыз
⠀
3. Мазалаған қорқыныш, жағымсыз сезімдер мен ойларды қағазға жазып, қағазды өртеп жіберіңіз
⠀
4. Жағымсыз ақпараттарды оқудан бас тартыңыз
⠀
5. Кітап оқыңыз, талқылаңыз
⠀
6. Комедия жанрындағы фильмдер қараңыз
⠀
7. Тыныс алу жаттығулары мен медитация жасаңыз
⠀
8. Дене жаттығуларын жасауды әдетке айналдырыңыз
⠀
9.Жетістіктеріңіздің тізімін жазыңыз
⠀
10. Алғыс дәптерін жазуды бастаңыз
⠀
11. Ән айтып, би билеңіз
⠀
12. Отбасыңызбен бірге театр қойылымын қойыңыз
⠀
13. Отбасыңызбен шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын ойнаңыз
⠀
14. Арман-мақсатыңызды жазыңыз
⠀
15. Өткен қызықты сәттерді еске алып, фотосуреттерді қарап шығыңыз
⠀
"Жақсы сөз- жарым ырыс" демекші, санамызды тек жақсы, позитивті ойлармен толтырайық.