
Бүгін Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде 23 мамырдан бастап ем қабылдаған 70 жастағы қарт Балаған Бекзатхан короновирус инфекциясынан толық емделіп шықты. 8 бала тәрбилеп өсірген қарт ана Ескелді ауданының тұрғыны. Аталған аурухананың бас дәрігері Досқалиев Марат Қанатұлы пациенттің ауыр жағдайда түскенін айтты.
-Пациент ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Бірден интенсивті терапия палатасына жатқызылды. Науқасты емдеу тәсіліне қатысты Астанадағы реаниматолог дәрігерлермен үнемі кеңесіп отырдық. Өйткені коронавирус инфекциясы егде жасқа келген адамдардың ағзасындағы басқа да созылмалы ауруларды қоздырады. Сондықтан реаниматолог дәрігерлер 24 сағат бойы науқасты қатаң бақылауда ұстады. Дәрігерлердің 16 күн бойына үздіксіз ем жүргізуінің арқасында толық емделіп шықты, - деді бас дәрігер.
Коронавирус инфекциясынан айығып шыққан қарт ана дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.