Репродуктивті денсаулықты қорғау

Репродуктивті денсаулықты қорғау

"Қоғамдық денсаулық сақтау институты" және «Қаратал аудандық орталық аурухананың СӨСҚ" мамандары Қаратал ауданының оқушыларымен ватсап және zoom бағдарламасы арқылы "Репродуктивті денсаулықты қорғау" атты семинар, "Зиянды әдеттер және жасөспірім!" атты талқылау, "Денсаулық басты байлық!" атты сұрақ-жауап кездесуін ұйымдастырды.

Белсенді қатысушылар 9 сынып оқушысы Әмина Нұржан, 11 сынып оқушысы Мөлдір Тұрсынғалиева ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Сонымен бірге, бірге инстаграм жазылмандары арасында «Туберкулездің алдын алу» атты  талқылау өткізілді.