Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Дәрігер-хирург Асқар Тұрарбеков және Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен ауруханаға түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция жаңа құрылғы – Mindray 4k бейне эндоскопиялық жүйесі арқылы орындалды.

Хирург Асқар Тұрарбеков аталған аппаратқа жоғары бағасын беріп отыр. Себебі, бұл құрылғы науқастың ауруға шалдыққан дене мүшесін айқын көрсетіп, отаның сәтті өтуіне ықпал еткен. Дәрігерлер ота кезінде тіпті көздерінің ауырмағанын алға тартты.

Медициналық мекеменің директоры Айман Ракишеваның сөзінше, аппаратты сынақтан өткізу - дұрыс таңдау жасалғанының нақты дәлелі болды. Сондай-ақ ол эндоскопияны ешқандай ауырсынусыз әрі қауіпсіз түрде жасауға мүмкіндік ашылғанын атап өтті.

Ал хирург Абылай Сәкенов құрылғының негізгі функциялары сенсорлық экран арқылы жүретінін айтты. Монитор болса, науқастың дерт шалдыққан жерін дәл табуға көмектескен.

Қонаев қаласының дәрігерлері үшін бұл жабдық - лапароскопияға арналған таптырмас құрылғы.

Mindray HD-3-ті жалпы хирургия ғана емес, сонымен қатар кеуде хирургиясы, урология, гинекология, ортопедия және т.б. салаларда да қолдануға болады.