
Бұл жобаның ең басты бағыты - емдеу мекемелеріндегі әлеуметтік салалармен тығыз байланыста жұмыс жасау және озық тәжірибе бойынша медициналық ұйымға өзгерістер енгізу.
Салтанатты шараға аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы қатысып, ұжымға, алдағы уақытта, еңбектерінде табыс тіледі. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Досымбеков іс-шарада ақ батасын беріп, аурухананың директоры Тлеулиев Алмас Ақылбекұлымен жаңа орталықтың лентасын қиды.
Халықтың денсаулығын нығайтуға қарастырылған 9 жоба өз жұмысын бастап кетті. Белсенді ынтымақтастықтың арқасында ашылып жатқан орталық барлық жастағы адамдардың денсаулығы үшін маңызды бағыттарды қамтитын болады: мамандардың кәсіби құзыреттері мен тұрғындардың денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру, медициналық көмектің және халықтың өмір сүру сапасын арттыру, пациенттердің қанағаттануын жақсарту, халық саулығына, аудан тұрғындарының кез-келген уақытта білікті және қол жетімді көмек алуы.
Ашылған үздік тәжірибе орталығы – аудан азаматтарына кез-келген шұғыл жағдайда алғашқы көмекті көрсете білуі, әлеуметттік жағдайға және дені сау адамның өз саулығын сақтауға бағытталған медцицина, сапалы өмір мен өмір сүру жасын ұлғайтуға тигізер септігі мол.
Алдағы уақытта әлемдік тәжірибеге негізделген үздік практикалар орталықтарын енгізу жөніндегі жоспарлы жұмыстар жалғасатын болады деп жоспарлануда.