2023 жылдың 10 айында Алматы облысының медициналық ұйымдарына шұғыл түрде 255 мыңға жуық пациент жүгінді

2023 жылдың 10 айында Алматы облысының медициналық ұйымдарына шұғыл түрде 255 мыңға жуық  пациент жүгінді

Алматы облысының медициналық ұйымдарына 2023 жылдың 10 айында шұғыл түрде 254 912 пациент (2022ж. - 260 988) жүгініп, жоспарлы емдеуге жатқызуға 90 254 пациент жіберілді (2022ж. - 83 270). 162 018 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде шұғыл түрде - 87 017 пациент, жоспарлы түрде - 75 001 пациент. Жедел медициналық жәрдем шақыруларының жалпы саны 558 779 құрайды.
Алматы облысында 2023 жылдың 10 айында 25 089 нәресте дүниеге келді (2022 ж. – 26 041). Жүргізілген хирургиялық операциялар саны - 32 711.
Алматы облысы бойынша 2023 жылдың 9 айында жалпы өлім - жітім көрсеткіші 5,6% - ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 6,02 құрады (2022 жылы 9 айда 6,38), бұл орташа республикалық деңгейден 6,7% – ға төмен (ҚР - 6,46).
Облыс бойынша 9 айда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 2023 жылы 2,1% - ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 48,20 құрады (2022 жылы 9 айда 47,20), бұл орташа республикалық көрсеткіштен 27% - ға төмен (ҚР – 68,7).
Жазатайым оқиғалардан, уланулардан және жарақаттардан болатын өлім-жітім 11,4% - ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 58,7 құрады (2022 жылы 66,3), бірақ көрсеткіш орташа республикалық деңгейден жоғары (ҚР-55,1); жол - көлік оқиғасынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15,89% - ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 18,0 құрады (2022 жылы 9 айда 21,4), бірақ республикалық трассалардың болуы есебінен көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 6,1% – ға жоғары болып тұр (ҚР-13,01).
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші тұрақты және 100 мың тұрғынға шаққанда 0,7 (2022жылы - 0,7) құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден 36% – ға төмен (ҚР-1,1).
Алматы облысында нәресте өлімінің көрсеткіші тұрақты және 2023 жылдың 9 айында 8,25 құрады (2022 ж - 8,24), бірақ көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 11,5% – ға жоғары (ҚР-7,38).
Ана өлімі тіркелген жоқ.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қорының Халық саласындағы сарапшыларымен Денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен сәбилер өлімін азайту үшін жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сапасына аудит жүргізілді, акушер - гинекологтар мен неонатологтарға арналған өңірлік семинар өткізілді, біліктілікті арттыру мақсатында 8 акушер-гинеколог пен 2 неонатолог дәрігер Мәскеу облыстық перинаталдық орталығында (Ресей Федерациясы) оқудан өтті.