
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Халықаралық балалар күніне орайластырып, сәл ерте дүниеге келген сәбилерді салтанатты түрде құттықтады. Солардың бірі Айша мен Әнел есімді егіз қыздар. Апалы - сіңілілердің Әмина және Алина есімді әпкелері бар екен. Олар да егіз.
Көп балалы ана Алиданың екі жүктіліктен де бірдей егіз бала туғаны қалай болды деген сұраққа, олардың отбасында егіздердің көп екенін, егер бірінші рет ешкім таң қалмаса, екінші егіздерде, алдымен, өздері таң қалғанын жасырмайды. Отбасы дүниеге тағы да балалар әкелуді жоспарлайды ма? Сөзсіз! Руслан келесі жолы егіз ұл күтетінін, бақытына қарай әрқайсысында екі-екіден күтуші-әпкелері болатынын айтады.
Таңертеңнен кешке дейін үй шаруасы. Төрт баланы тәрбиелеу оңай емес, бірақ Алиданың көңілі таймайды. Көп балалы отбасының басты көмекшілері – балалардың әжелері.
Алида, көп балалы ана: «Бала тәрбиесіне көп көмектесіп жүрген екінші анама, жолдасымның анасына, өз көмегін аямаған өз анама да алғысым шексіз. Біздің балалар қазір, менің ойымша, ең қызықты жаста: олар өте күлкілі, тіпті балалық өзара «дауласулары» да бар. Сәбилеріміз дүниеге келген Қонаев қаласындағы перзентханаға алғысымыз шексіз: жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келсек те, дұрыс күтім жасап, жақсы ем-шара алдық. Бүгінде жағдайымыз жақсы. Мен ана ретінде, екі жүктілігімде де акушер-гинекологтар мен неонатологтардың көмегі мен қолдауына ие болғаныма қуаныштымын, оларға отбасыммен бірге, алғысымды айтамын. Керемет дәрігерлер. Төрт қызымыз да өскенде дәрігерлік мамандықты таңдаса екен деген ниетіміз бар. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентхана ұжымының жұмысы бізді, сөзсіз, шабыттандырды».
Баспасөз қызметі