
2023 жылдың 20 қарашасында Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу жұмыстары бөлімінің мамандары, Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасының СӨС және ЖДО мамандарымен бірлесе отырып, ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Қоғамдарға көшбасшылық» ұранымен ашық есік күнін өткізді. Тұрғындар ЖИТС орталығының дәрігерлерімен кеңесіп, АИТВ-ға жедел сілекей арқылы тестілеуден өтуге мүмкіндік алды, сонымен қатар қандағы глюкоза, холестерин деңгейін анықтау, қан қысымын тексеру қызметтері көрсетілді.
Аталған іс-шараға 120 адам қатысты, 150 дана ақпараттық-танымдық материалдар, 432 дана мүшеқаптар таратылды. Жедел тестілеуден 67 адам өтті, теріс нәтиже көрсетті.