Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиологтары коронарлық артерияны қалыпқа келтірді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиологтары коронарлық артерияны қалыпқа келтірді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиологтары мен кардиохирургтары 70 жастағы науқасқа коронарлық артериясына шунттау жүргізді, ол кеуде аймағындағы ауырсыну және қатты ентігу шағымдармен жүгінген болатын.
Жалпы, коронарлық артерияны шунттау немесе АКШ - бұл жүректің ишемиялық ауруының соңғы кезеңдерін тиімді емдеуге және жүректің негізгі тамырларының қалыпты өткізу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ота. АКШ отасы жүрек бұлшықетіне артериялық қан ағымын қажетті мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Науқастың жүрегіне хирургиялық араласу коронарлық артериялардың бітелуі 60-70% - ға жеткен кезде және стенттеу немесе ангиопластика жарамсыз, дәрі-дәрмекпен түзетілмейтін стенокардияның ауыр көріністері болған жағдайларда ұсынылатын ота түрі. Бұл жағдайда біз науқастың жасын және қосалқы шағымдарын ескере отырып, АКШ жасау туралы шешімге келдік. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өтті", - деп бөлісті кардиолог дәрігер Тимур Ибрагимов.
Ота тамырдың зақымдалған аймағын айналып өтіп, артериялық қанның жүрек бұлшықетіне қосымша жолын жасау болып табылады. Операцияның басында жүрекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін кеуде қуысының ортасында кішігірім тілік жасалады. Әрі қарай, шунт ретінде пайдаланылатын күре тамырды дайындап, хирургтар зақымдалған тамырды айналып өтетін артериялық қанның өткізгіштігін шешеді. Соңғы кезең-тігістер салынып, дренаж орнатылады.
"АКШ отасының өзінен кейін оңалту денсаулықты одан әрі жақсаруына мүмкіндік беретін екінші маңызды сәт болып табылады. Жүрек тамырларын айналып өтетін отаны жасатқан науқасытң толық қалпына келуі үшін 2-6 ай қажет болады. Ал әзірге ота сәтті өтті, алғашқы 2 күнде науқас қарқынды терапия бөлімінде болды, қазір біз оны кардиология бөліміне ауыстырдық", - деді Тимур Ибрагимов.