Алматы облысында алғаш қолқа қақпағын транскатетер арқылы имплантациялау жасалды

Алматы облысында алғаш қолқа қақпағын транскатетер арқылы имплантациялау жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 1938 жылы туған науқас кеуде тұсының ауырсынуы, ентігу, ісіну, бас айналу сияқты шағымдармен түсті. Дәрігерлер егде жастағы науқасты тексеріп, «аорта қақпағының сыни стенозы» деген диагноз қойды.
«Науқаста перифериялық тамырлардың қысылып қалуына байланысты қатты бозару болды. Пульсі сирек және түсініксіз, біз кеуде маңының аздап дірілдеп тұрғанын байқадық, қолқаның тарылған тесігі арқылы қанның өтуіне кедергі болды. Науқаста критикалық стеноз. Бұл бүгінде жиі кездесетін жүрек ауруларының бірі», – дейді кардиохирург Сергей Мұсаев.
Қолқа стенозы үшін әдетте, ашық хирургиялық операция жасалады, бірақ қатар жүрген аурулар мен науқастың жасын ескере отырып, АМКБ дәрігерлері аз инвазивті операцияны – эндоваскулярлы аорта қақпақшасын ауыстыру немесе транскатетерлік аорта қақпағын имплантациялау, қысқаша ТАВИ жасау туралы шешім қабылдады. Бұл операция ашық операциясыз жасалатын қолқа қақпақшасының сыни стенозын емдеуге арналған заманауи, аз инвазивті, мамандандырылған әдіс. Яғни, барлық манипуляциялар қан тамырларына енгізілген катетер арқылы жүзеге асырылады.
«Алматы облысында алғаш рет аорта қақпақшасын транскатетер арқылы эндоваскулярлық ауыстыру жасалды. Бұл әдіс аорта қақпағының тарылуы бар науқастарға жаңа мүмкіндік береді және тез қалпына келуіне көмектеседі. Операцияның артықшылығы – жалпы анестезия берілмейді, кеуде аймағын кеспей-ақ операция жасап, науқастың тез қалпына келуіне ықпал етеді», – дейді Сергей Мұсаев.