Жастардың репродуктивті денсаулығы қаралды

Жастардың репродуктивті денсаулығы қаралды

27 қыркүйек 2023 жылы Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Алтын ауыл» мектебінің мәжіліс залында ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы мамандары Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасы дәрігерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізді.
Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша ауданның гинеколог дәрігері П.Тілеуова мен уролог дәрігер Е.Әбуов баяндама жасап, жастардың репродуктивті денсаулығына баға берді. Ал ЖИТС орталығы алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Сұлтанова өткен жылғы көрсеткіштерді саралай отырып, биылғы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.
Іс-шараға қатысушы Қарасай ауданының орта білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен биология пәнінің мұғалімдері дәрігер мамандарға сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптартарын алды.
Дөңгелек үстелді Қарасай аудандық білім бөлімінің маманы Г.Дауталиева қорытындылап, дәрігерлерге алғысын білдірді.
Іс-шарада 53 адам қамтылды.