Орталық қызметкерлерімен психологиялық тренинг өтті

Орталық қызметкерлерімен психологиялық тренинг өтті

2023 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психологы Мадина Маликова орталық қызметкерлерімен «Біз біргеміз» атты тренинг өткізді.
Қазіргі таңда дәрігер мамандығы үлкен төзімділік пен өзін-өзі бақылауды талап етеді. Басқа адамдармен қарқынды байланыстардан соң дәрігерлер эмоционалды сарқылуға ұшырап, психикалық стрессті бастан кешіреді. Бұл денсаулықтың біртіндеп нашарлауына әкеледі. Сондықтан дәрігерлерге де психологиялық қолдау қажет.
Тренинг медициналық ұжымды біріктіруге, қарым-қатынас дағдыларын, эмоционалды тұрақтылықты, өзіне деген сенімділікті, бір-біріне деген достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталды.
Жаттығуларды орындау арқылы қызметкерлер бір-бірін түсінуге үйренеді. Ынтымақтастық – бұл команданың нақты мақсаттар мен міндеттерге жету үшін біртұтас болу мүмкіндігі. Өйткені ынтымағы жарасқан ұжым ғана талай асулар мен жеңістерге жетеді.