
Аталған жұмыстар 15 қарашаға дейін жалғасын табады. Бұл туралы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының тұратын аумағы шегінде еркін таңдау бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Мәселен, тұрғындар электрондық үкіметтің www.e.gov.kz
веб-порталы арқылы тіркеле алады, ол үшін ЭЦҚ қажет. Сондай-ақ, халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға жүгіну арқылы тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжаты болуы шарт.
«Науқан кезінде медициналық- санитариялық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс», - деді Лейла Серікбаева.
Ресми статистика бойынша Алматы облысында тұратын халық саны-1,5 млн. оның ішінде 317 мыңнан астамы сақтандырылмаған. Бұл дегеніміз өңір халқының 22 % -ы МӘМС жүйесіне тіркелмеген деген сөз.
Айта кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде медициналық қызмет түрлерін алуға құқылы.