
Алматы аймақтық көпсалалы клиникада 8 қыркүйек күні Ашық есік күні өтті. Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні мен Дүниежүзілік созылмалы миелоидты лейкозбен ауыратын науқастар күніне орай ұйымдастырылған ашық есік күні пациенттерді гематолог дәрігер Ғаббасова Сауле Телембайқызы қабылдап, тексеруден өткізді. 31 тұрғын гематолог маманның тексеруінен өтіп кеңес алды. Оның ішінде 5 науқастан рак ауруының белгілері анықталып, толыққанды тексеруге жіберілді.
Қыркүйектің үшінші сенбісінде 2015 жылдан бастап Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні (World Marrow Donor Day) атап өтіледі. Дүние жүзіндегі қоғамдық ұйымдар мен медициналық мекемелердің қолдауымен бұл күні іс-шаралар, ашық есік күдерін, дәрістер мен семинарлар, донорлық акциялар ұйымдастырылады.
Ал 22 қыркүйекте Дүниежүзілік созылмалы миелоидты лейкозбен ауыратын науқастар күні атап өтіледі. Бұл күннің міндеті, басқа жағдайлар сияқты, ерте диагностиканың маңыздылығына, ауруды уақтылы емдеуге және дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне назар аудару.
Миелолейкоз-бұл қан мен сүйек кемігінің қатерлі ауруы, онда гранулоциттердің шамадан тыс түзілуі және осы жасушалардың өздері де, олардың прекурсорлары да қанда жиналады.