Достық кабинеттері медбикелері үшін оқыту семинары

Достық кабинеттері медбикелері үшін оқыту семинары

2023 жылдың 7-8 қыркүйегінде Алматы қаласында АИТВ-ның алдын алу орталықтарының достық кабинеттерінің медбикелерімен «АИТВ-инфекциясының алдыңғы және байланыстан кейінгі профилактикасы бойынша 2023 жылғы 17 наурыздағы №180 клиникалық хаттаманың ұсыныстарын орындау. Достық кабинеттерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарға Алматы облыстық ЖИТС орталығының ДК медбикелері Анар Дарьябаева мен Гүлзакира Кошмаганбетова қатысты.
Клиникалық хаттаманың ұсыныстарын орындауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 95-95-95 бағдарламасының индикаторларын іске асыруды ескере отырып, семинарда АИТВ-инфекциясына кеңес беру және тестілеу, АИТВ-инфекциясының экспозицияға дейінгі және кейінгі профилактикасына көрсеткіштерді анықтау, іс қағаздарын жүргізу, достық кабинеттердің деректерін бақылау сияқты негізгі мәселелер талқыланды.