Дәрігердің есімі «Қазақстанның Алтын кітабына» енді

Дәрігердің есімі  «Қазақстанның Алтын кітабына» енді

Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы директоры Алмас Масалимов орталық қызметкерлерін 30 тамыз - ҚР Конституциясы күнімен құттықтап, Ата заңымыз халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімді нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айнала берсін деген тілегін жеткізді.
Мереке құрметіне орай бірнеше маман лайықты марапаттарға ие болды.
Тәжірибелі де білікті дәрігерлер – зертхана меңгерушісі Айсұлу Абуова мен дәрігер фтизиатр Бақыт Керуенованың есімдері «Қазақстанның Алтын кітабына» еніп, арнайы төсбелгімен марапатталды.
Жас мамандар Гүләйім Қуаныш пен Арайлым Кенжебекова Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы директоры Б.Байсеркиннің алғыс хатымен марапатталды.
Ал шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Еркінғазы Калипанов жүргізуші Нұрсұлтан Жолдаспаевқа орталық директорының алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, Талғар қаласының нарколог дәрігері Меруерт Рыспанова орталық директорының алғыс хатына ие болды.