
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында алға қойылған мақсат және ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту Ұлттық жобасының басты бағыттарының бірі - көшбасшылық технологиялардың ауыл тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Еңбекшіқазақ КОАА басшылығы мен медициналық қызметкерінің атқарып отырған еңбегінің нәтижесінде осы мақсаттар жүзеге асырылып отыр. Бұрын қаншама шақырым қашықтықта орналасқан қалаға біздің тұрғындар жоғары технологиялық операциялар мен медициналық көмекке жүгіну үшін баратын болса, енді мұндай дара көмек түрлері біздің ауруханамызда көрсетіледі. Сондай жетістіктер қатарында біздің клиникада тізе және жамбас-ұршық буынын эндопротездеу бойынша хирургиялық практиканы алғаш енгізіле басталды. Біздің травматолог дәрігерлер үшін арнайы шеберлік классын танымал жоғары білікті травматолог-маман, денсаулық сақтау саласының үздігі В.Г.Семенов өткізді. Шеберлік классы кезінде екі пациентке операция жасалды. Травматология бөлімшесінің меңгерушісі Ахмед Анварович Даврешов атап өткендей: "Қазіргі заманғы импланттарды пайдалана отырып, төменгі инвазивті мүмкіндікпен буындарды протездеу жүргізіледі, соның нәтижесінде пациенттер аз мерзімде аяққа тұрып кетеді. Бұл бүкіл әлемде енгізіле бастаған және мойындалған протездеу түрі, енді осы әдісті біз де игердік. Протездің арқасында ерте реабилитация жүргізіліп, қайта операция жасау қажеттілігі болмайды. Осындай протез пайдалану кезінде төнетін қауіп те аз екенін ескеру керек. Протез қойылған соң, пациент үш айдың ішінде қалпына келеді, ал протезден кейінгі екінші күннен бастап жаттығу жүргізіледі. Мұндай операциялар МӘМС бойынша сақтандырылған пациенттерге жасала алады. Осы көмек түріне мұқтаж пациенттер көп екенін ескерсек, біз талай тағдыр арашасысы болатынына сенемін ". Атап өтері, біздің клиникада осындай жоғары деңгейдегі білікті медициналық көмек түрлері МӘМС аясында көрсетіледі және әр тұрғын үшін қолжетімді.