
4 тамыз 2023 жылы Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Қарғалы ауылындағы аудандық ауруханада медициналық қызметкерлерге арналған АИТВ жұқпасының алдын алу семинарын өткізді.
Оқыту семинарына Қасымбек, Үмбеталы дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері де қатысты.
Іс-шараны эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігері А.Ахметбеков сөз сөйлеп ашып, медициналық мекемелерде АИТВ жұқпасына ИФТ тестілеу әдісіне қан алу, биологиялық сұйықтықтарды сақтау және тасымалдау ережелеріне тоқталды, ҚР ДСМ-нің тиісті бұйрықтары жайлы түсіндірді.
Ал емдеу-алдын алу бөлімінің жұқпалы аурулар дәрігері К.Бимурзаева АИТВ жұқпасының эпидемиологиясы, этиологиясы, клиникасы және алдын алу іс-шаралары жайлы айтып берді.
Семинар соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
Іс-шараға 73 адам қамтылды.