
9 тамыз 2023 жылы Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің мамандары А.Кенжебекова мен А.Сұлтанова Іле аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен семинар өткізді.
Құқық қорғаушылардың АИТВ/ЖИТС бойынша білімін арттыру мақсатында өткен семинарда дәрігерлер ашық диалог түрінде АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістерін, Алматы облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды қозғап, мүмкін болатын кәсіби тәуекелдерді талдады.
Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау мен кемсітуге жол берілмейтінін ерекше атап өтіп, кездесуге қатысушыларды шыдамдылық танытуға және АИТВ-мәртебесі оң адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуге шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар Іле ауданындағы эпидемиологиялық ахуал жайын сұрады.
Семинарға 170 адам қамтылды.