
2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтетін қайырымдылық акция аясында ОЛИМП КДЗ өңірдегі барлық стационарлардың пациенттері үшін Интерлейкин-6 зертханалық зерттеулерді тегін өткізеді.
Бактериялық инфекцияға және ауыр қабыну реакцияларға күдік болған пациенттерге, әсіресе жан сақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде жатқан пациенттерге диагноз қою және емдеу тактикасын таңдаған кезінде бұл тест өмірлік аса маңызды болып табылады
Тағайындау үшін көрсеткіштер:
· ауыр қабыну аурулар, бактериялық инфекциялар, қатерлі ісіктер кезінде иммундық статусты тереңдетіп зерттеу.
· Жіті панкреатит (патологиялық процесстің ауырлығын ерте бағалау)
· Аутоиммундық аурулар.
· Жаңа туған нәрестелерде – бактериялық сепсисті растау үшін өткізіледі.
Медициналық ұйымдардан зертханаға дейін пациенттердің биоматериалын (көк тамыр қанын) тасымалдауға арналған курьерлік қызметтері де тегін ұсынылады.
Биоматериалды ақысыз тексеруге жіберу үшін медициналық ұйымдардың өкілдеріне өз өңіріндегі ОЛИМП КДЗ өкілімен 87019617328 телефон нөмірі бойынша байланысу қажет.
Қайырымдылық акцияны өткізудің мерзімдері қысқаруы мүмкін, ол туралы қосымша хабарлаймыз.