
1 маусымда Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мереке ресми түрде 1949 жылы қарашада Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылды.
Алматы облысындағы барлық медициналық мекемелер балаларды қорғау күніне орай іс-шара ұйымдастырды. Аурухана ұжымы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан кішкентай пациенттерді мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Балалар-өмірдің гүлі. Олар біздің өмірімізді мағынамен толтырады.
Еліміздің балалары сау болсын!